Приозерск қалалық мәслихаты

Жаңалықтар



Приозерск қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 24 және 25-тармақтарының негізінде Приозерск қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық еңестің сандық құрамы – 9 адам, оның 2-і – мемлекеттік органдар өкілдері, 7-і – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін:

1)  кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2)  өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3)  сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттарды ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 12 қаңтарынан 2022 жылдың 25 қаңтарына (қоса алғанда) дейін.

Конурсқа құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: 101100, Приозерск қ., Балқаш к., 5-үй, 2-қабат, «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» ММ.

Электрондық мекен-жай: maslixat_prio@krg.gov.kz

Байланыс телефоны: 8 (71039) 54916.


Кері қайту

Бекзат Сарсембеков Секретарь Приозерского Городского маслихата
Я рад приветствовать Вас на официальном сайте Приозерского городского маслихата!

Дауыс бер

Сіз электронды Үкімет порталынан электронды қызмет алдыңыз ба?
© 2017 Маслихат города Приозёрск Все права защищены
© 2017 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»