Приозерск қалалық мәслихаты

Жаңалықтар



ХАБАРЛАНДЫРУ


Приозерск қалалық мәслихат хатшысының

ӨКІМІ

Приозерск қаласы                                №  2ө                              2022 жыл 06 қаңтар

 

Приозерск қаласының Қоғамдық

кеңесін қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының құрамы   және

байқаушылар туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес:

1. Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының келесі құрамы бекітілсін:

1) Тұрсынбай Маржан Ерғалиқызы, жеке кәсіпкер, жұмыс тобының басшысы;

2) Турганбаева Балнур Жумалиевна, «Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын дамыту жөніндегі Приозерск қалалық Атамұра орталығы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жұмыс тобының мүшесі;

3) Литош Ирина Николаевна, «Исток»  Славян халықтарының этно-мәдени орталығының мұшесі, жұмыс тобының мүшесі;

4) Мамедов Мехман Гафил Оглы, «Арзу» Азербайжан халықтарының этно-мәдени орталығының мүшесі, жұмыс тобының мүшесі;

5) Далибаева Сауле Уразбековна,  «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ референті, жұмыс тобының мүшесі.

2. Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қадағалаушылардың тізімі бекітілсін:

1) Сабденбекова Гаухар Кенесбаевна, «Айналайын» бөбекжайының педагог-психологы;

2) Нарымбетов Муратбай Енсейтбаевич, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі.

 

Приозерск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                Б.Сарсембеков


Кері қайту

Бекзат Сарсембеков Секретарь Приозерского Городского маслихата
Я рад приветствовать Вас на официальном сайте Приозерского городского маслихата!

Дауыс бер

Сіз электронды Үкімет порталынан электронды қызмет алдыңыз ба?
© 2017 Маслихат города Приозёрск Все права защищены
© 2017 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»